Константинополь қарудың күшімен емес, рухтың күшімен бағындырылған
Константинополь қарудың күшімен емес, рухтың күшімен бағындырылған

Фатих Сұлтан Мехмет Константинопольді басып алуға жан-жақты дайындық жүргізді. Жорық үшін қаншама адам тартылды, қаншама күш жұмсалды. Бірақ, мың жерден тыңғылықты әскери әзірлігі болса да, Мехметтің "Константинополь уысыма түспей кете ме" деген күмәні үмітінен басым түсе бере-тін. 

Фатх дабылы қағылардан аз уақыт бұрын үстіне шоқпыт шапан киіп, түрін өзгертіп жұрттың жорық туралы не деп жатқанын білу үшін ел аралауға шығады. 

Күн ұзақ халықтың жай-күйімен танысты. Жолыққан жандармен сыр тартып, суыртпақтап әрдеңені сұрап, әңгіме-дүкен қылды. Күн екінтіге ауа әлденіп алу үшін азық алуға базарға келеді. Базардағы сатушыдан ыстық тандыр мен бал сұрайды. Сонда сатушы: 
- Нанды менен ал, ал балды мына көршімнен алсаң, дейді.
Сатушының ұсынысын ұқпаған Мехмет: 
- Балды неге сенен ала алмаймын? деп сұрады.
Сатушы күрсініп, көршісіне жанашырлықпен көз тастап: 
- Бәріміз нанталап қып базарда жүрміз. Ал, көршім таңнан бері ештеңе сата алған жоқ. Балын сатып, бала-шағасының нәпақасын айырсын - деп жауап қайырады. 
Базардағы жәй сатушылардың бір-біріне деген атқақтаған бауырмалдық сезімін көріп айран-асыр болған падишах: "Мен мұндай мейірімділікті заңдылыққа айналдырған халқыммен сөзсіз Константинопольді бағындырамын" деп шарт түйінеді...
Алаш баласын алдағы күндері үлкен асулар күтіп тұр. Бұйырса, Тәңір жар болып кемеңгер Елбасымызбен талай белестерді бағындырармыз. Бірақ, бір-бірі үшін етінен ет кесіп беретіндей Алаш баласының бұрынғы жансебіл рухы тірі ме?

Мұхан ИсаханМұхан Исахан
2 жыл бұрын 892
4 пікір
  • Тіріліп келеді Мұха!
    2 жыл бұрын
  • Белестерді бағындыруды банкттерден бастаңыздаршы. Үй алуға берген несиелерінің пайызын төмендетсін, қара халықты қанамай. Баспана әр адам үшін ең бірінші қажеттілік. Сонда біздің де мейірімділігіміз күшке айналар. Тәңір жар болсын!
    2 жыл бұрын
  • МашАллах! Алла қаласа әрбіріміз өз отбасымызды иманды етіп тәрбиелеуіміз керек!
    2 жыл бұрын
  • Қазіргі заманда бейбітшілік пен татулық та басты рөл атқарады. Елбасымыз аман, еліміз тыныш болсын!
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
14148 42 51 306 26