Тақауда келешегінен үміт күттіретін бір інішекпен сұқбаттасқам. Ислам доктринасына қызығушылық танытып, осы саланы індете зерттегісі кеп жүр. Жазған шатпақ бір дүниесі бар, сонысын маған тексертпекші екен. Қолқа сап қоймаған соң, мен қашыртып:
- Ақиданы зерттеп жүрген жігіттерге көрсетпейсің бе? дедім.
- Ой аға, ешкім қарағысы келмейді, дейді.
- Неге? десем.
- Өзінің жамағатынан болмаған соң ағаларымыз маған мұрнын шүйіріп қарайды. Өлетін болдым әрқайсысына бір жалпылдап, дейді.
- Астанада жамағатсыздардың жамағаты құрылып жатыр. Соған мүшелікке кірмейсің бе? Соған қормал болады, дедім қуланып.
- Аға шын айтасыз ба? Ол қандай жамағат? Құрамында кімдер бар? Маған крыша бола ала ма? деп әлгі інішегім көктен іздегенін жерден тапқандай қуанып сұрақ жаудыра жөнелді.
Менің күлкіден ішегім түйіліп қала жаздады. Әзер дегенде ес жиып, әзілдеп отырғанымды жеткіздім. Ал, інішектің қайтадан салы суға кетті...
Жамағатсыздар жамағаты...
|
4 пікір
-
HUSAMUDDINОл інішегіңіздің жағдайы қиынға соққан болар! Негізі крәсәпшік жігіт секілді! Ізденгіш, ғылым-тағылым жолында жүрген екен, сол бір шатпағын бір қарап бере салсаңыз, соны өзі ол бала үшін - бір қуаныш болса керек! Мен болғанда қарап беруші ем! Ол балақай түсінде пайғамбарды с.ғ.с 2 рет көргенін естігем! Сол үшін смело қолдау (кітабын қарап беріп) көрсетуіңізді сұраймын!9 жыл бұрын
-
Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРАссалаумағалайкум! Талаптанған баланың "еңбегін" қарап берудің еш қиындығы жоқ. Бірақ Мүхан бауырым бұл "еңбекшіл" баланың сабырға келуін нұқсап тұр ғой деп ойлаймын. Маған да менің атқарып жүрген салам бойынша осындай балалардың келетіні бар. Міне солардың бірі сабырлы болады, бірі сабырсызданып өз деген мақсатына тезірек жетсем дегендері де болады. Мен солсабырлығына қарай "қарайтынын қарап" беремін. Немесе Мұхан бауырым секілді мамандарға сілтеме жасаймын. Алла разы болсын!9 жыл бұрын
-
Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРЖамағат болып бөлініп жүргендерді мен де көріп жүрмін. Неғылған жамағат? Олардың көздегендері не? Ұлттың бірлігін ұстанған мемлекетіміздің ақ жолында "тротуар" ойлап тапқандарды түсінбеймін! Нағыз жамағат қазақ елінің, ұлтымыздың бірлігі!!! Мұхан бауырым тақырыбы да тамаша, астарлы мағынасы да тамаша екен! Алла разы болсын!9 жыл бұрын
-
Cаттармаксимализм9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.