Генсек Сталиннің ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғанда дін қайраткерлерінің көмегіне жүгінгені тарихшы қауымға аян. Әсілі, бұл сұрапыл қанды-қырғында Кеңес үкіметі озық әскери күшімен жеңіске жетті деп айта алмаймыз. Германияның әскери техникасымен салыстырғанда КСРО-ның қауқары көш кейін-ді. Өзінің осалдығын сезген Кеңес үкіметі ІІ Дүниежүзілік соғыс барысында Гитлерлік Германияға тойтарыс беру үшін қызыл империяның басқа рухани мүмкіндіктерін пайдалануға тырысып бақты.
Мәселен, Кеңес билігі 30-шы жылдары ұлт зиялыларын және ұлттық бағыттағы шығармаларға репрессия жүргізсе, ал, соғыс басталғанда керісінше батырлықты жырлайтын Қазақтың эпостық шығармаларының насихатын күшейтті. Осы тұрғыда жырауларға (Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Мұрын жырау) мемлекеттік тұрғыда қолдау көрсетілді. Мұхтар Әуезовке «Хан Кене» пьесасын жазуға тапсырып берді. Мақсат – ерлікке бастайтын халықтың рухын ояту еді.
Ұлтшылдармен қатар 30-шы жылдары қожа-молдаларда репрессияға ұшыраған болатын. Кеңес билігі соғыс басталғанда елдің рухани біртұтастығын сақтау үшін һәм жеңіске жетуі үшін діннің потенциалын да өз кәдесіне жаратуды көздеді.
Осы тұста ерекше тоқталар жайт – Гитлерлік Германия да ІІ Дүниежүзілік соғыста үстем болуы үшін жан-жақты әзірлік жүргізді. Рейхстаг биілігі Кеңес үкіметінен қысым көріп отырған мұсылмандарды өз қатарына қосып алу үшін Гитлерді құтқарушы «Махди» деп атады. Ол үшін Палестина муфтиімен астыртын келісімдер жүргізді (https://www.youtube.com/watch?v=jf-ytAr4488).
Гитлерді мұсылмандықтың жанашыры етіп көрсету үшін бірнеше рет мақалалар басылды. Мысалы, «Идель-Урал», «Азербайджан», «Яни Туркестан», «Азат Крым» газеттерінде осы сарындағы ақпараттар берілді (http://www.perspektivy.info/…/popytki_nacistov_germanii_isp…).
Бұл рухани шабуылдың алдын алу үшін Кремль шұғыл дін қайраткерлерін Мәскеуде басын қосып, оларды ІІ Дүниежүзілік соғыста жеңіп шығу үшін атсалысуға шақырды. Көп ұзамай Кавказ, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия және Қазақстанның дін қайраткелері «Отанды сүю иманнан» деп ұран тастап, мұсылман жұртшылғын фащистерге қарсы ғазауат жасауға үндеді (http://www.idmedina.ru/books/school-book/?3476).
Орта Азия және Қазақстанда да Германияның окуппациясын терістейтін уағыздар жүргізіліп, мешіттерде Сталиннің денсаулығы мен жеңісі үшін арнайы хұтба оқылды (http://pda.islamrf.ru/news/culture/legacy/29614)
Ғазауат ұраны айтылғанда мұсылмандар соғысқа өздері сұранып, қан майданға аттанды. Олардың соғыста көрсеткен ерліктеріне сүйсінген Кеңес үкіметі дінге қолдау көрсетуді үдете түсті. Мысалы, 1943 жылы Сталиннің тікелей тапсырмасымен Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (САДУМ) құрылды. Басқарманың алғашқы бас мүфти болып Ишан Бабахан ибн Әбдулмажидхан бекітілді. Бабахан ишан 1943 жылдың 15-20 қазан аралығында 160 делегат бас қосқан Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайын өткізді.
Құрылтай сұрапыл соғысқа қатысты төмендегі үндеуді қабылдады:
«Мы, мусульманские богословы и представители верующих Узбекистана, Таджикистана, Туркмении, Киргизии и Казахстана, от имени всех мусульман адресуем это Обращение вам, наши дорогие сыны и братья! Плечом к плечу со всеми народами сражайтесь, как храбрые львы, против нацистских захватчиков, уничтожайте ненавистных фашистов так, чтобы ни один из них не остался на нашей планете! Защищайте каждую пядь нашей земли и укрепляйте свои ряды железной дисциплиной. Мы призываем всех верующих молиться Аллаху и просить Его помочь нашим солдатам и ниспослать быструю победу над врагом» (http://pda.islamrf.ru/news/culture/legacy/29614/)
Мұхан Исахан: Гитлер мен Сталиннің қайсысы "Махди" болған?
|