Бізді өсірмейтін құлдық сана, тар өре, пасық пиғыл...
Бізді өсірмейтін құлдық сана, тар өре, пасық пиғыл...

Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін дұрыс ұғыну үшін "мәжаз" мәселесін түсініп алу керек. Мәжаз мәселесін дұрыс ұқпасақ тарихтағы Захири мәзһабының өкілдері секілді барлық мәселеге буквалистік тұрғыдан үкім беруімізге тура келеді. Ал, бұлай үстірт қарау - усул іліміне қайшы. Сол секілді хикметтерге "пішін" (форма) тұрғысынан баға берсек, қателесеміз. Хикметтегі "құрма" - Пайғамбардан (с.а.у) жеткен жауһар ілімге (сүннет) жасалған теңеу, яғни, бұл жерде Ясауидің хикметі мәжаз методымен берілген. Сондай-ақ, "Диуани хикметтігі" жыр жолдарының бәрі Ясауи бабамыздң көмейінен шықпаған. Қазір қолымызда бас-аяғы 200 шамасында хикмет болса, соның 80-ге жуығы ғана Ясауидікі. Қалғандарын шәкірттері қосқан. Мысалы, "Диуанда" Ясауиді мақтайтын хикметтер бар. Ал, Ясауи секілді әулиенің өзін-өзі мақтауы мүмкін емес. Ондай жыр жолдарын шәкірттері қосқаны айтпаса да түсінікті. Қолымыздағы ең ескі "Диуани хикмет" 16 ғасырға тән, яғни, Ясауи өмірден өткеннен кейін 4-5 ғасырдан соң көшіріліп басылған. Осы аралықта Ясауи муридттерінің "Диуани хикметке" өз үлестерін қосқанын аңғару қиын емес. 

Ясауидің шариғатты қаншалықты меңгергенін білгісі келген адам түпнұсқасы сақталған "Мират-ул кулубты" оқыса болады. Осы рисаланы оқыған адам Ясауидің нағыз шариғаттың жоқтаушысы болғанына анық көзі жеткізе алады. 
Тақауда естіп қалдым, бір ақымақ: "Мен шетелде оқып жүріп Ясауи деген ғұламаның бар екенін естімеппін" - депті. Сонда оның түсінігінше Ясауиді мойындау үшін бабамызды бірінші шетелдіктер мойындау керек екен. Не деген итаршылық бұл? Өзінде көз жоқ па көретін? Әлде түйсігі жоқ "бітеу" ме? Өзімізге-өзіміз баға беруіміз үшін міндетті түрде басқаның көзілдірігімен қарау керекпіз бе?

Әлгі бауырымыз ең болмаса, төл тарихынан хабары болса, бұлай көкімес еді. Басқасын айтпағанда, Әмір Темірдің Ясауи тарихатының аситанасын салдырғанда қасында атақты ғұлама Қазы Заде Румидің болғанын, 14 ғасырдың мәшһүр ғалымы ас-Сығнақидің Ясауи туралы "манакб" жазып қалдырғанын, Қазақтың "Еңсегей бойлы ер Есім" ханы 1598 жылы Ясауи тарихатының аситанасын еліміздің астанасы еткенін білген болса, әлгі перенауыз бұлай шетін әңгіменің шетін қылтитпас еді. Өкініштісі,  сол ақымақ бауырларымыз өздерінің құлдық сана, тар өре, пасық пиғылымен елдің сорын қайнатып жүргенін сезінбейді. 

Мұхан ИсаханМұхан Исахан
10 лет назад 7318
7 комментариев
  • Жақсы мəселе көтеріпсіз Мұха. Бірақ қатты айтыпсыз.
    10 лет назад
  • Қайреке қайтеміз енді? Әлгілер сол жаңсақ пікірімен талайды улайды ғой.
    10 лет назад
  • Иассаиуді оқығаандар сирек ел арасында. Бұл шындық.
    10 лет назад
  • "Ижазасы барма еді?" деп сұраған жоқ па? ))).
    10 лет назад
  • Шынымды айтсам, Маке жарықтықтың Диуяни хикметін оқып еш түсінбедім, бәрін оқымадым түсініксіз болғандықтан. Қазақша аудармасы мардымсыз болды ма... Миратуль Қулуб атты рисаласы турасында естімеген екенмін. Қайдан алуға болады екен? Және қай тілде жазылған, шағатай тілінде ма?
    10 лет назад
  • Диуанды түсіну үшін аздап дайындық керек,ал миратул-кулабты оқығың келсе қайынағаңнан сұрасаң ала аласың
    10 лет назад
  • Қандай дайындық? Сол жолға түсу керек дейсіз ғой?
    10 лет назад
О блоге
0
20329 42 51 306 26