Жамағатсыздар жамағаты...
Жамағатсыздар жамағаты...

Тақауда келешегінен үміт күттіретін бір інішекпен сұқбаттасқам. Ислам доктринасына қызығушылық танытып, осы саланы індете зерттегісі кеп жүр. Жазған шатпақ бір дүниесі бар, сонысын маған тексертпекші екен. Қолқа сап қоймаған соң, мен қашыртып:
- Ақиданы зерттеп жүрген жігіттерге көрсетпейсің бе? дедім.
- Ой аға, ешкім қарағысы келмейді, дейді.
- Неге? десем.
- Өзінің жамағатынан болмаған соң ағаларымыз маған мұрнын шүйіріп қарайды. Өлетін болдым әрқайсысына бір жалпылдап, дейді.
- Астанада жамағатсыздардың жамағаты құрылып жатыр. Соған мүшелікке кірмейсің бе? Соған қормал болады, дедім қуланып.
- Аға шын айтасыз ба? Ол қандай жамағат? Құрамында кімдер бар? Маған крыша бола ала ма? деп әлгі інішегім көктен іздегенін жерден тапқандай қуанып сұрақ жаудыра жөнелді.
Менің күлкіден ішегім түйіліп қала жаздады. Әзер дегенде ес жиып, әзілдеп отырғанымды жеткіздім. Ал, інішектің қайтадан салы суға кетті...

Мұхан ИсаханМұхан Исахан
9 лет назад 4857
4 комментария
  • Ол інішегіңіздің жағдайы қиынға соққан болар! Негізі крәсәпшік жігіт секілді! Ізденгіш, ғылым-тағылым жолында жүрген екен, сол бір шатпағын бір қарап бере салсаңыз, соны өзі ол бала үшін - бір қуаныш болса керек! Мен болғанда қарап беруші ем! Ол балақай түсінде пайғамбарды с.ғ.с 2 рет көргенін естігем! Сол үшін смело қолдау (кітабын қарап беріп) көрсетуіңізді сұраймын!
    9 лет назад
  • Ассалаумағалайкум! Талаптанған баланың "еңбегін" қарап берудің еш қиындығы жоқ. Бірақ Мүхан бауырым бұл "еңбекшіл" баланың сабырға келуін нұқсап тұр ғой деп ойлаймын. Маған да менің атқарып жүрген салам бойынша осындай балалардың келетіні бар. Міне солардың бірі сабырлы болады, бірі сабырсызданып өз деген мақсатына тезірек жетсем дегендері де болады. Мен солсабырлығына қарай "қарайтынын қарап" беремін. Немесе Мұхан бауырым секілді мамандарға сілтеме жасаймын. Алла разы болсын!
    9 лет назад
  • Жамағат болып бөлініп жүргендерді мен де көріп жүрмін. Неғылған жамағат? Олардың көздегендері не? Ұлттың бірлігін ұстанған мемлекетіміздің ақ жолында "тротуар" ойлап тапқандарды түсінбеймін! Нағыз жамағат қазақ елінің, ұлтымыздың бірлігі!!! Мұхан бауырым тақырыбы да тамаша, астарлы мағынасы да тамаша екен! Алла разы болсын!
    9 лет назад
  • максимализм
    9 лет назад
О блоге
0
20329 42 51 306 26