Сивас сұңқары

Екімыңыншы жылдың қыс мезгілі болатын. Соңғы курсты аяқтап жатқан кезіміз. Өкілетті Кеңестің төрағасы Намық Кемал Зейбек мырза ректоратта шұғыл тұрымтай жиын өткізді. Президиумда қасында тарамыстау келген ұзын бойлы, қою мұртты жасы қырықтың қырқасына шыққан көзілдірікті жігіт отыр. Намық мырза қашанғы әдетімен Түркістанның рухани мән-маңызын, оқу ордамыздың жетістіктерін айтып, аузын айға білеп, сампылдап сөйлеп отыр. Біз болсақ, "Бұл кім болды екен" деп қасындағы серігіне қайта-қайта көз тастаймыз. Мінбеде қолын оңды-соңды сілтеп сөйлеп тұрып, халықтың ындынын сезе қоятын "көсеміміз" біздің ойымызды ұқты білем: "Құрметті бауырлар! Мен сіздерді мұқым әлемнің ең ұлы ғалымымен таныстырғалы отырмын. Қасымдағы бұл жігітағасы Түркиядағы мұсылман құқығының жарық жұлдызы. Алланың заңы - шариғаттың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, отыз жасында профессор атанған Юнус Апайдын мырзаны сіздер үшін арнайы шақыртып отырмын. Қарсы алыңыздар!", - деп жар салды. 

Ал, Юнус Апайдын ұстаз қысқа-нұсқа ғана сөйлеп, өзін таныстырып өтті. Алғашқы кездесуден пәлендей әсер ала қоймадық. Тек, Намық мырзаның "мұқым әлемнің ең ұлы ғалымы" деген мақтауы біразға дейін есімізде жүрді. 
Мұсылман құқығын алғашқы курста оқып кеткен соң Ю.Апайдын ұстаздан тұрақты дәріс алуға мүмкіндігім болмады. Бірақ, аракідік қолым қалт етсе, арнайы барып лекцияларын тыңдап жүрдім. 
Ю.Апайдын мұсылман құқығының теория-методологиясын тәпіштеп бар ықыласымен түсіндіргенде шариғат нұры қанымызда бұлт-бұлт етіп тасушы еді. Құран, хадистегі иньқта, ижмағ тәсілдері, қияс пен истиһсан, истислаһ, истисһаб, урф, қаули сахаби, сәддайғ-зария, шария мән қабла шария шарттарын талдағанда "екі жердегі екің - төрт" деген сықылды математикалық методтарға жүгінетін. Тақтаға жазып түсіндіргенде бір жаңылу дегенді білмейтін. Бір-бірімен селбесіп жатқан шариғат детальдарын бір сыдырғы сипаттап, санамызға әкеп суретін бейнелейтін. Дәріс оқуы - бейне құлан түзде жортқан жорғаның жүрісіндей еді. 
Мұсылман құқығына деген махаббатымыз енді ояна бастаған сәтте біздің оқуымыз аяқталды. Күзде магистратураға түсіп Ю,Апайдынды іздесем, Түркияға кетіп қалыпты. "Қап" деп опындым да қалдым...

(жалғасы бар)

Ұстазым Ю.Апайдынмен бірге. Ержиес университеті 2014 жыл.

Мұхан ИсаханМұхан Исахан
10 лет назад 5111
4 комментария
  • Машалла! Онда жалғасын күтеміз...
    10 лет назад
  • Нұрғанат Апайдын сендердің шейхтеріңнің де ұстазы
    10 лет назад
    • Менің ұстазым бір ғылыми конференцияда ижмағ тақырыбында Әли Жұмаға сын айтып, оны қатты састырған, Ғазалидің мустасфасы бойынша Рамазан Бутимен пікір таластырып, оны мойындатқан ғалым.
      10 лет назад
  • Машалла!
    10 лет назад
О блоге
0
20329 42 51 306 26